Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/korda-aids.testim.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

Облыста АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуінің  алдын алу мақсатында ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы мамандарымен ү.ж. 12 маусымы күні емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі бас дәрігерлердің емдеу ісі, пациенттерге қолдау көрсету және ішкі аудит, ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі жөніндегі орынбасарлары арасында «АИТВ/ЖИТС-тың өзекті мәселелері, анадан балаға берілуінің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. 

Семинардың негізгі мақсаты - АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу мәселесі бойынша медицина қызметкерлерінің ақпараттану деңгейін арттыра отырып, АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуін болдырмау болып табылды..

Семинарда Қазақстандағы және облыстағы АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ жұқтырған ересектерге және балаларға диспансерлік бақылау, ем жүргізу ерекшеліктері, АИТВ инфекциясы кезінде қауіпсіз босандыру негіздері, АИТВ инфекциясын жұқтырған аналардан туылған баланы тамақтандыру, балаларға клинико-лабораториялық бақылау жүргізу, тұрғындарды АИТВ-ға тестілеу ережелері,  АИТВ жұқтырғандарға байланысты дискриминация және стигма мәселелері туралы презентациялар жасалды.

Семинарға қатысулар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы  Қарымсақова Д.С.