Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/korda-aids.testim.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы, аудандық денсаулық сақтау және білім бөлімінің ұйымдастыруымен, біріккен жоспар аясында аудан мектептеріндегі аяжандар арасында «АИТВ-ның алдын алу шаралары»тақырыбында Шиелі кенті № 270 мектепте семинар кеңес болып өтті. Семинардың мақсаты мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар арасында АИТВ/ЖИТС жайлы кеңінен мағұлмат беру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Тілеубергенқызы, аудандық емхананың эпидемиологтары Ж.Шохаева, Т.Қоңқабаев, аға аяжан Н.Сейілханова және жастар денсаулығы орталығының маманы С.Қалекеева қатысып баяндамалар жасады. Шара барысында оқушылар дайындаған тақырыптық көріністер көрсетіліп, флешмобқа ұласты. Сонымен қатар қатысушылар сұрақ жауап алмасып, мамандардан керекті мағұлматтар алды.

А.Садуақас Шиелі филиалының меңгерушісі